Пән:Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» Күні: 24.12.20 |
Мектеп: «Новоднецк» негізгі мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Тулешов М.А. |
|||||||||
Сабақ тақырыбы |
«Бәйтерек» неге ұқсайды? |
|||||||||
Оқу мақсаттары
|
3.4.2.1* тыңдаған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу; 3.3.1.1* диалогты рөлге бөліп оқу; 3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу |
|||||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазады. |
|||||||||
Оқушылардың көпшілігі: Диалогты рөлдерге бөліп оқу барысында тірек сөздерді қолданып, диалогті жалғастырады. |
||||||||||
Оқушылардың кейбірі: ақпараттық мәтін құрастырады. |
||||||||||
Бағалау критерийлері |
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп айтады. |
|||||||||
Тілдік мақсат |
бәйтерек, биіктігі, самұрық құс, алақан ізі |
|||||||||
Сұраулы сөйлемдердің жасалуы: жекелеген сөздерге сұрақтар қою «Бәйтерек» қайда орналасқан? «Бәйтерек» неге ұқсайды? «Бәйтеректің» төбесінде не бар? |
||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады. |
|||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
|||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
PowerPoint таныстырылымы, бейнебаян |
|||||||||
Бастапқы білім
|
Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді. |
|||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал туғызу: «Сәлем саған алтын күн!...» «Мозаика» әдісі арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу. Суреттерді құрастырып жинау Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам?» ойыны (Оқулықтың 115-бетіндегі 4-тапсырма)
Тақырыпты анықтау кезеңі. Оқушылардың назарын алдында жатқан суреттерге аудару. Бұл не? Ал мынау не? Ол қайда орналасқан? «Бәйтерек» неге ұқсайды? Сабақтың тақырыбы жарияланады. Мәтіналды жұмыс. «Бәйтерек» туралы аңызбен танысу.(бейнебаян) |
слайдтар
үлестірмелі қағаздар
сурет қиындылары,
бейнебаян |
||||||||
Сабақтың ортасы
9 минут
8 минут
11 минут
|
-Балалар, бүгінгі сабақта біз «Бәйтерекке» саяхат жасаймыз. «Бәйтерек» 3 бөлімнен тұрады, әр бөлімнен өту үшін тапсырмалар орындауымыз қажет. Саяхатымыз бастамас бұрын жаңа сөздермен танысайық. Жаңа сөздермен жұмыс Оқулықтың 114-бетінде берілген бәйтерек, биіктігі, самұрық құс сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
1-тапсырма (оқулықтың 113-бетіндегі 1-тапсырма). Мәтінмен таныстыру. -Балалар, «Бәйтеректің» астынғы қабатында не орналсқаны туралы білу үшін мына хаттағы тапсырманы орындайық... «Кім жылдам?» ойыны Айтылым. 1-тапсырма.
-Өте жақсы, балалар! Бірінші тапсырманы жақсы орындадық. Қазір Бәйтеректің астынғы қабатында не бар екенің білеміз.
-Бәйтеректің ортасына өту үшін мына хаттағы тапсырманы орындайық. ЖЖ.жазылым. 2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз. Керекті сөздер: сәулеті, самұрық құстың, үлкен ағашқа, темірден, шыныдан. “Бәйтерек” кешенінің ____________ұнады. Ол __________________ұқсайды. Оның төбесінде _________________жұмыртқасы бейнеленген. “Бәйтеректің” қабырғасы ________________, ______________жасалған. (оқушылар өздерің тексереді) ҚБ «Бағдаршам» әдісі
-Өте жақсы! Тапсырманы жақсы орындадыңдар. «Бәйтеректің» ортанғы бөлігінде «Ағаштан жасалған глобус» бар екен. Сергіту сәті. «Көңілді күн» -Балалар, «Бәйтеректің» жоғары жағында не бар екенің білу үшін хаттың ішіндегі тапсырмамен танысайық. ТЖ. Диалог.
ТІРЕК СӨЗДЕР: орналасқан, ұқсайды, оның төбесінде
Топтар өзара бірін-бірі бағалайды. ҚБ «Бас бармақ» әдісі. -Бәйтеректің ең үстінде «Аялы алақан» композициясы бар. Бұл жерде алақан ізі орналасқан, келген қонақтар алақандараны қойғанда мемлекеттік әнұран ойнайды екен.
|
«Суретті сөздік» үлестірмелі қағаздары
парақша (тірек сөздер тақтаға жазылады)
|
||||||||
Сабақтың соңы |
Рефлексия:
-Балалар, стикерлерге аттарынды жазып, бүгінгі сабақта егер барлығы түсінікті, жеңіл болса «Бәйтеректің» ең үстінгі жағына жабыстырасыңдар, егер қайталау керек болса, ортасына, егер сабақта тақырып, тапсырмалар қиын болса, астынғы жағына жабыстырасыңдар. Үйге тапсырма: 115б. 5-т. «Бәйтерек» туралы қосымша ақпарат жазу. |
стикерлер
оқулық |
||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.
|
||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||
|
||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |