Новодонецк негізгі мектебінің бастауыш сыныптарынын қазақ тілі мұғалімі
Тулешов Мадияр
Бала тілі – бал
Мақсаты: Балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға тест сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап
Көрнекілігі: проектор, бейнесюжет, слайд - шоу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
І. ж: Сәлем, досым. Бүгін болатын сайыс туралы не білесің?
ІІ Ж: Сәлем. Бүгінгі сайысқа мектебіміздің 2 - сынып оқушылары қатысқалы отыр. Шынымды айтсам, кімге жанкүйер боларымды мүлдем білмей тұрмын. Бәрі де біздің құрбыларымыз ғой!
І Ж: Иә, мен де солай. Жарайды, балалардың зеректігі мен шапшаңдығы сыналайын деп тұр ғой. Кім озса да сол сайыстың жеңімпазы болары анық.
ІІ. Ж: Әрине, олай болса достарымызға сәттілік тілеп сайысымызды бастайық
І ж: Қымбатты достар, қонақтар және ұстаздар! «Бала тілі – бал» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға 10 оқушы қатысқалы отыр. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар»- дегендей ортаға сайыскер оқушыларымызды шақырып алсақ.
ІІ ж: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады
Оқушыларды ортағы шақырып таныстырамыз
2 «А» сынып оқушысы Қоңыратбаева Балнұр
2 «Ә» сынып оқушысы
2 «Б» сынып оқушысы Жайлханова Жұмабике
І ж: Сайысты бастамас бұрын сендерге баға беретін әділқазылармен таныс болайық. Төрт құбыламыз тең болған сияқты, олай болса сайысымызды бастайық.
Балақайлар ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайық.
ІІ ж: Сайыс 3 айналымнан тұрады:
1. Ширату,
2. Ойлан тап,
3. Бұл кім?
І ж: Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Ендеше 1 - ші бөлімге кезек берейік. «Ширату»
ІІ ж: Ойынның шарты: Балақайлар мен сендерге ойынның ережесін түсіндіріп өтейін. Сендерге кішкентай бүлдіршіндер бір зат атаулысын суреттеп, сипаттап айтып береді сендер соның қандай зат екенін табуларың керек. Ойынның шарты түсінікті ме?
Экранға қарау:
1 - ші бейне сұрақ: көктем 2 - ші сұрақ: бәйшешек 3 - ші сұрақ: ана
4 - ші сұрақ: әже 5 - ші сұрақ: алтын 6 - шы сұрақ: нан
7 - ші сұрақ: кітап 8 - ші сұрақ: қалам 9 - шы сұрақ: дүкен 10 - шы сұрақ: мектеп
Ұпай сандарын қорытындыласақ.
Ендеше 2 - ші бөлімге кезек берейік. «Ойлан, тап»
Мен сендерге тест сұрақтарын жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен оқу іс - әрекеттеріңдегі тақырыптарға байланысты болмақ. Дұрыс жауапқа үш ұпай, жауап бермеген жағдайда ұпай берілмейді.
Екінші бөлімнің ұпай сандарына кезек берсек....
І ж: Балақайлар, көзді ашып жұмғанша 3 - ші бөлімге де келіп жеттік.
ІІ ж: Үшінші бөлім: «Бұл кім?» деп аталады.
Ойынның шарты мынадай мына конверттің ішінде кім жасырынғанын табуларың керек. Бұл ақын немесе жазушы болуы мүмкін. Әр оқушыға бір конверттен беріледі.
І Ж: Конвертті ашып, жасырынған адам туралы жазылған мәліметтерді оқып кім екенін айтуларыңыз керек.
ІІ Ж: Балалар, сендердің ойланып табуларыңа 3 минут уақыт беріледі. Ал, олай болса уақыт кетті.
І ж: Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
ІІ ж: Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,
Үшінші бөлімді де аяқтадық, енді ұпай сандарымен таныс болайық. Жарайсыңдар балақайлар, қандай тапқыр едіңдер! Үш бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп шықтыңдар! Осымен «Бала тілі - бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы тиіс. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Дейді бәрі қалайда біз жеңеміз
Екі жүргізуші бірге:
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Балаларды мадақтау, марапаттау