Текст
30 сәуірде «Новодонецкое ауылының орта мектебі» КММ-де 2 және 5 сынып оқушыларын «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» Біріккен балалар жастар ұйымы қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді дамыту, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты дамыту. Өзін-өзі басқару органдары 2 және 5 сынып оқушыларына төсбелгілер мен галстуктар табыс етті. Одан кейін әрбір оқушы патриот болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жерін сүюге салтанатты түрде ант берді. Одан кейін жаңадан қабылданған «Жас Қырандықтар » мен «Жас Ұландықтар» Қазақстан халықтарының достығы туралы ән шырқады.