Дене шынықтыру пәнінен онкүндіктің жоспары бойынша 01.03.2024 жылы 5-сыныпта «Спорттық ойындар» «футбол» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Мақсаты: оқушылардың техникалық дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету. (қозғалмайтын допты аяқтың ішкі жағымен соғу, домалап жатқан допты аяқтың ішкі жағымен соғу, допты аяқтың ішкі жағымен тоқтату және қабылдау, допты аяқтың ішкі жағымен серіктеске беру) және тактикалық қимылдар (жұппен және «шаршыда» ойнау, ереже бойынша ойнау).Міндеттері: Оқытылатын қозғалыс әрекеті туралы түсінік қалыптастыру және оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін меңгеруге көзқарасын қалыптастыру.Кординациялау қабілетінің деңгейін арттыру. Қолдың, аяқтың және дененің қимылдары, техникалық және тактикалық әрекеттерді орындау кезіндегі қарым-қатынас дағдылары.Футболда ойын әрекеттерін орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін меңгеру.Сабақ барысында студенттер теориялық дайындық бойынша білім алды, ойынның негізгі әдістерін игерді және меңгеруді жалғастырады. футбол (қозғалу, тебу, допты тоқтату, дриблинг, финтинг).