Дене шынықтыру онкүндігі аясында 2024 жылдың 27 ақпанында 1-2 сынып оқушылары арасында «Ерлік қызықтары» іс-шарасы өтті. Мақсаты: Оқушыларды денсаулықты нығайту мақсатында дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу. Міндеттері: 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру. 2. Дене тәрбиесін меңгеру негізінде баланың жеке тұлғасын дамыту. 3. Ұжымшылдыққа, жолдастыққа, өзара көмекке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу Сайыс басталар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар берілді. Бұл іс-шарада спорттық сипаттағы 7 жарыс өткізіліп, балалар спорт тақырыбына жұмбақтарды да таптық. Сайыс аяқталған соң оқушыларға сертификаттар табыс етілді. Орындар келесідей бөлінді: 1 орын «Күшті» командасы, 2 орын «Батыл» командасы. Шара қатаң түрде сценарий бойынша қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыруға, салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын арттыра отырып өткізілді.