28.02.2017 жылдан 03.03.2017 жыл аралығында КММ "Новодонецк негізгі мектебінде" 1-наурыз - "Алғыс айту күніне" орай біршама іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: "Алғыс айтамыз саған Қазақстан жері" атты кітаптар көрмесі, «Ата- анам – алтын тұғырым» атты суреттер байқауы, қазақ тілі мен орыс тілінен оқушылар тақырыпқа байланысты шығармалар жазды.
01.03.2017 жылы жоғарға сыныптарда "Қайырымды бола біліңіздер" атты тәрбие сағаты өткізілді,
03.03.2017 жылы "Бір шаңырақ астында" атты әндер бастырылды.
06 -07.03.2017 жылы 8-наурыз "Халықаралық әйелдер мерекесіне" орай бастауыш сыныптарда шағын концерт өткізілді. Жауапты бастауыш сынып мұғалімі Баранова Л.Н.
20.03.2017 жылы жоғары сынып оқушылары "Наурыз мерекесіне" орай үлкен концерт ұйымдастырды. Жауапты болып Рылцева О.Н. болды. Мереке барысында оқушылар шашу шашып, 7-сынып оқушылары келген қонақтарды тәтті бауырсақтармен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар ән айтты, әр халықтың биін биледі, өлең оқыды, шағын қойылымдар қойылды. Мереке соңында өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға түрлі-түсті шарлар сыйлыққа берілді.