Текст
Мақсаттары мен міндеттері: Білім алушыларды мектептегі сабақтарда қауіпсіздік шараларымен таныстыру; жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға, тәртіптілікке, еңбекті қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын мүлтіксіз орындауға тәрбиелеу.
Мектептер үшін қауіпсіздіктің келесі түрлері өзекті болып табылады: өртке қарсы, терроризмге қарсы, экологиялық, жеке және мүліктік сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау, мекеме аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек пен оқуды қорғау.