Қысқа мерзімді жоспар |
||||||
Пән: Қазақ тілі |
Педагогтің аты-жөні:Амантай Н |
|||||
Күні : 12.11.2024 |
|
|||||
Сынып: 4 |
Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : |
|||||
Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: Қазақ тілінде сөйлейік |
||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары |
4.1.1.1 — Қазақ тілінде қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін түсіну және өзара сұрақтарға жауап беру. 4.2.3.1 — Қарапайым диалог құру, ойын жеткізу үшін негізгі сөйлеу дағдыларын қолдану. 4.3.2.1 — Берілген сөздер мен тіркестерді қолдана отырып, сөйлем құрастыру және күнделікті өмірге байланысты жағдайларда қазақ тілінде қысқа сөйлемдермен жауап беру. |
|||||
Сабақтың мақсаты : |
Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен оқушылардың қазақ тіліндегі сөздік қорын байытып, қарапайым сөздер мен тіркестерді түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету. Қарапайым диалогтар арқылы өзара сөйлесу дағдыларын дамыту, сұрақтарға жауап беруге және сұрақ қоюға үйрету. Топтық және жеке тапсырмалар арқылы қазақ тіліндегі сөйлемдерді еркін құрастырып, оларды күнделікті қарым-қатынаста қолдануға ынталандыру. |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Таныстыру |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы (5 минут) |
«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.
|
Қолпаштау
|
|
|||
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
|
1.Сиқырлы қорапша»
Оқушылардың қазақ тілінде жаңа сөздерді қолдану қабілетін дамыту.
2.Wordwall платформасы «Суретке қарап сөз тап» Оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс атауға үйрету.
3.Кім көп біледі?" викторинасы Қазақ тіліне тән қарапайым сөздерді үйрену.
4 «Сөздер тізбегі» Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қазақ тіліндегі сөздер арасындағы байланыстарды түсіндіру.
5.Кім жылдам?" ойыны Мақсаты:Қазақ тіліндегі қарапайым сөздерді жылдам табуға жаттықтыру
|
Бір қорапшаның ішінде қазақ тіліндегі түрлі сөздер жазылған қағаздар болады. Әр оқушы кезекпен қораптан бір қағаз алып, сол сөздің аудармасын айтады.
Оқушылар әр топта жұмыс жасайды, берілген сөздерді уақыт ішінде табуға тырысады.
Wordwall платформасы әртүрлі қазақша сөздерді (мысалы: алма, кітап, дос, мектеп) айтады, ал оқушылар оның мағынасын тауып, дұрыс аудармасын табуы керек. Дұрыс жауап үшін ұпайлар беріледі.
Қажетті заттар: Ешқандай қосымша заттар қажет емес, тек оқушылардың шығармашылық қабілеті қажет
Мұғалім бір сөзді тақтаға жазып жасырады (мысалы: «мектеп»), ал оқушылар осы сөзді бірінші болып айтуға тырысады. Кім бірінші дұрыс жауап берсе, сол ұпай жинайды.
|
«Бас бармақ»
Қолпаштау және «Жарайсың!» деген мақтау сөздер.
Шапалақ әдісі
Бас бармақ»
Қолпаштау және «Жарайсың!» деген мақтау сөздер.
Шапалақ әдісі
|
Қорап-ша
Word wall плат формас ы
Word
Wall плат формас ы
Тақта, бор
|
||
Сабақтың соңы 5 минут |
|
|
||||
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі Қызыл- мүлдем түсінбедім Сары- жартылай түсіндім Жасыл-толық түсінікті |
Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді |
|
||||
Бағалау |
Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. |